Нұрғали Нүсіпжанов пен жұбайы елді сүйсіндірді (фото)

Oinet.kz 08-11-2021 2231

Күні кеше Алматының төрінде 45 жасын атап өткен Мейрамбек Бесбаевтың тойына ел алдында жүрген игі жақсылар тегіс жиналды. Қадірлі қонақтардың қатарында 84 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов пен оның жас жұбайы Жадыра Сейдеш те болған, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Қазақ эстрадасының жұлдыздары тойдағы қызықты сәттермен Instagram желісінде жарыса бөлісуде. Желідегі видеолардан жиналған қауым, әсіресе, тойға келген аға буын өкілдеріне ерекше құрмет көрсеткенін көруге болады. Олардың қатарында Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғали Нүсіпжанов және т.б. болған.

Айта кетерлігі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты 84 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов тойға өзінің жас жұбайы Жадыра Сейдешпен бірге келген. Желі қолданушылары олардың бірге жүрген суретін көріп, түрлі пікірлерін қалдырып жатыр.

- "Ақылды келіншек болды ғой. Бақытты болсын!", "Ағамызға қарайласа болды ғой. Рахмет, Жадыраға!", "Бізге Нұрғали ағамыздың жасын берсін! Қосағымен қоса ағарсын!", "Тамаша бақытты ғұмыр кешіңіздер", - деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақстан жұлдыздары (@qaz.stars)

Бір тойда жүрген Сәбит Әбдіхалықовтың әйелдері сынға қалды (видео)
Қарақат Әбілдина: «Бұл заманның бір қасіреті»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу