Тамара Асардың продюсері әнші мен жұбайы туралы шындықты айтты
Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар тұрмысқа шықты. Бұл туралы әншінің продюсері және импресарио Жан Мұқанов ресми түрде мәлімдеді.
Жан Мұқановтың айтуынша, Тамара Асардың отау құрғанына 2 жылдан асқан. Ал жұбайымен бұрыннан таныс екен. Есімі Жұмаш, кәсіпкер.
- 5-6 жылдай кездесті. Тұрмысқа шығуға ұзақ келіспей жүрді, - деп күледі Жан Мұқанов.
Ал тойы жақын адамдарының арасында ғана өткен. Продюсердің айтуынша, бұл жаңалықты Тамара Асардың жақындары бұрыннан біледі, алайда халыққа ресми түрде енді жариялап отыр. Тамара Асар жеке өмірі туралы жария ете бермейтіндердің қатарынан екенін айта кеткен жөн.