Баласынан айырылған актриса Жұлдызай көзіне еріксіз жас алды (видео)

Oinet.kz 19-07-2021 6077

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева пандемия кезінде көрген қиындықтары туралы айтты. Айтуынша, былтырғы індет оның жүктілігіне әсер етіп, тіпті түсік тастауына да әсер еткен, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Жұлдызай.jpg

Бұл туралы әнші "Talk Like" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Бағдарлама жүргізушісі Аман Тасығанның "Өмірде неден қатты қорқасыз?" деген сұрағына жауап бере отырып, пандемиядағы қорқынышы туралы айтты. 

- Өзім өз болып, қызымды қатарына қоссам екен, соған қосуға маған күш-қуат бере гөр деп Алладан күнде сұраймын. Былтырдан бері қатты қорқамын. Былтыр мен үшін өте ауыр жыл болды. Тура пандемия кезде, дәрі жоқ, адамның бәрі өліп жатқан кезде әкем мен туған сіңлім қатты ауырды. “Өзегім өртеніп” деген сөзді былтыр түсіндім. Осы жерім өртеніп, жоқ болып кеткен сияқты. Бір жағында әкем, бір жағымда сіңлім. Скорый шақырып, беріп жіберсем, өліп қалар ма екен, үйде емдесем, өліп қалар ма екен деп қорықтым. Дәрігерлердің вирустан қорқып, үйге келмейтін кезі. Айналамның бәрі, таныстарым дәрігерлер, телефонын алмай қойған адамдар болды, – дейді актриса. 

Туыстарының амандығын тілеген өнер иесі күйзеліске түскендіктен, тамақ батпай, денсаулығына да зиян келгенін айтады. Тіпті ол сол кезде жүкті екенін де білмеген екен. Салдарынан, қатты уайымға салынған актриса сәбиінен айырылып қалған. 

- Үш күн тамақ ішкен жоқпын. Сол кезде аяғым ауыр болғанын өзім де білмедім. Уайыммен ол бала өліп кетті. Сондықтан былтырғы жыл мен үшін қатты ауыр болды, – деп жан сырып айтты ол.

Тамара Асардың продюсері әнші мен жұбайы туралы шындықты айтты
«Ол менің мәңгілік махаббатым» - Медеу Арынбаев (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу