«Ол менің мәңгілік махаббатым» - Медеу Арынбаев (видео)
Танымал әнші Медеу Арынбаев қаза болған жарына деген махаббаты мәңгілік екенін жеткізді. Бұл туралы ол "Ең алғашқы" бағдарламасында айтты.
- Өкінішке орай менде сондай болды. Қанша ойлағанмен, түйсігің қанша жұмыс істегенмен орта жолда бұлай болады, дүние салып кетеді деген жаман ой келмеген. Алдында сыр бермеген. Мүмкін іштей сезді ме екен. Өмірлік ұстанымы ешкімге ешқандай салмақ салмау шығар. Маған да ешқандай сыр білдірмеді. Аяқ асты бір күнде, бір кеште басын ұстап, 5 тәулік ес түссіз жатып, өзіне келмей 6 тәулік дегенде көз жұмды. Қайткенде де Айгүл менің ең басты, ең алғашқы махаббатым. Ең алғашқы таза махаббатым болып қалады, болып та қала береді. Мәңгі махаббатым болып қала береді. Сынуға хақым жоқ менің. Айгүлдің маған беріп кеткен қуаты аяғына дейін жететін сияқты - деді Медеу Арынбаев.