Алтынай Жорабаеваны жолдасы туған күнімен ерекше құттықтады (видео)
Танымал әнші Алтынай Жорабаеваны жолдасы мен қыздары ерекше құттықтады. Әнші туған күнінде түсірілген видеоны Instagram парақшасында жариялады.
- Алланың қалауымен қош келдің 43 жас! Барлық мақтаулар мен мадақтар тек бір аллаға ғана тән, Аллама сансыз шүкірлер! Әкем мен Анама, бауырларыма, отбасыма, бала-шағама, туған-туысыма, дос-жарандарыма, оқырмандарыма мың алғыс! Менің өмірімде бар болғандарыңыз үшін Алла баршаңыздан разы болсын! Маған тілеген тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын. Алла разылығы үшін жақсы көремін барлығыңызды! - деп жазды әнші.
Әншіні желі қолданушылары да туған күнімен жарыса құттықтауда.
- "Туған күніңізбен! Кемі 86 жас өмір сүріңіз. Жасыңыз екі еселенсін", "Барлық айел бақытты болуға лайықты, туған күніңіз құтты болсын, зор", "Құтты болсын жасың. Бақытты болыңдар", "Алтынай ханым туған күніңіз құтты болсын келген жасыңыз берекелі, хайырлы болсын. Аллаһым екі дүние бақытын нәсіп етсін. Алланың сүйген құлы болыңыз!", "Туған күніңмен құттықтаймын қазақтың қайсар қызы", "Құтты болсын бақытты бол! Қыздарың аман болсын", "Туған күніңіз құтты болсын өмір жасыңыз ұзақ болсын балашағаңның қызығын көре беріңіз! Отбасыңызға амандық тілеймін! Менің де баламның туған күні бүгін" - деп жазды олар.