Айгүл Иманбаева тұрмысқа шығатын уақыты жақындағанын айтты (видео)

Oinet.kz 28-04-2021 4649

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева жеке өміріне қатысты тың мәліметтермен бөлісті. Өнер иесі әңгіме барысында тойдың ауылы алыс еместігін жеткізді. Бұл туралы ол "Ең алғашқы" бағдарламасында айтты.

Айгул.jpg

Әнші алдағы уақытта тағы да тұрмысқа шығуға ниетті. Өнер иесі ол үшін тіпті ұлының рұқсатын алған. Эстрада жұлдызының баласы анасының жалғыз қалмауын тілеп, оған өз бақытын табуын айтқан.

- Үйде Асылжан келін түсірсін деген әңгіме басталса, мен асықпаңдар алдымен мен кетем, одан кейін Асылжан үйленеді деймін. Балам "Сендей әйел жалғыз болмау керек, өзіңді қадірлейтін қасыңда азаматың болсыншы" деген кезде түнімен жылап шыққаным рас, - деді Айгүл Иманбаева. 

Баласының рұқсатын алған, бұрынғы күйеуімен сыйластығын сақтап қалған актриса енді жолының ашылатынына сенімді. Әншінің анасы да қызының тұрмыс құрып, отбасылы болғанын қалайды. 

Айта кетейік, Айгүл Иманбаева өнер саласына енді қадам басып жатқан кезінде актер Сәбит Әбдіхалықовқа тұрмысқа шықты. Алайда, уақыт өте келе дәм-тұздары жараспаған ерлі-зайыптылар ақыры ажырасып тынды. Олардың ортақ бір ұлы бар. 

Қарақат Әбілдина Ескендір Хасанғалиев пен жарының ерекше видеосын жариялады (видео)
Ескендір Хасанғалиевтің немересінің жүректі елжіретер видеосы тарады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу