Қарақат Әбілдина Ескендір Хасанғалиев пен жарының ерекше видеосын жариялады (видео)

Oinet.kz 28-04-2021 4202

Танымал әнші Қарақат Әбілдина Ескендір Хасанғалиев пен жары Дарико туралы әсерлі жазба қалдырды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады.

Ескендір Хасанғалиев.jpg

- Жақсы көретін жақынымыз - Ескендір ағам мен Дарико апам емханада екенін естіп алаңдап қалдық. Аллаға қолымызды әр жайған сайын шипа тілеп отырмыз! Дәл қазіргі уақытта әр қазақ алтынмен тең. Оның ішінде бұл кісілердің орны бөлек, баға жетпес асылдарымыз! Дұғада болайық ағайын!“Қырықтың бірі - қыдыр”, “ көп тілегі көл” , “ халық тілегі қабыл “ деген, Алладан шипа сұрайықшы! - деп жазды әнші.

Әншінің тілегіне желі қолданушылары да қосылып, жылы лебіздерін білдіруде. 

- "Алла шипасын беріп, асылдарымыз аман болсын! Алла ұзақ өмір берсін", "Барлық ауырып жатқан жандарға АЛЛА шипасын берсін", "Алла жеңілдігін берсін. Тілекшіміз. Әр қазақ аман болсын. Ауырмасын. Ауырмаңдар", "Тез жазылып кетсінші. Қазір әжем бар еді осы кісімен шамалас, сол кісіге бара жатырмын бала шағамды арқалап. Барында қадірін білейік адамның", "Аллам шипасын беріп, аман - есен айығып шығуларына тілекшіміз", "Дұрыс айтасыз бұл кісілер асылдың асылы аллам шипасын беріп сауығып кетсінші", "Алла шипасын берсін! Сауығып шықсын!" - деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Әнші Абай Бегейдің қолы өртенді (видео)
Айгүл Иманбаева тұрмысқа шығатын уақыты жақындағанын айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу