Қыдырәлі мен Қарақат Аланияда қалған балаларын елге алдыртты (видео)
Қазақ эстрадасындағы танымал жұп Қыдырәлі мен Қарақат Түркияның Алания қаласында жүрген балаларын елге алдыртты. Бұл туралы Қыдырәлі Instagram парақшасында жариялады.
- Қайырлы таң Қазақ Елі! Алла бере салғандарымыз келіп, басымыз қосылып, сағынышымызды басып, құшағымызды толтырып, мәре-сәре болып жатырмыз. Аллаға сансыз мадақтар болсын! - деп жазды ол.
Олардың балаларын көріп көзайым болуына, қуаныштарына желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіруде.
- "Иии жандарым аппақ болған түрлерінен, Қыдеке аман есен балапандарыңыздың келуіме!!! Аман келіп, Көз Айдын!!!", "Өнегелі, өнерлі үлгі алатындай жануя! Бакытын тілеймін!Қазақ кыз- келіншектері бой тузеп ,коп балалы ана болуга!Жігіттері саналы ұрпақ тарбиелуге үлес қосуда сізден көп нәрсені үйренуге болады! Аллах разы болсын!", "Жақсы болған екен балалармен қауышып", "Алла амандағын беріп, аман- есен балапандарыңды бауырларыңа басып, аман болыңыздар! Еңбекқор отбасыздар, Алла тіл көзден сақтасын", "Алла қуаныштарыңызды еселеп берсін" - деп жазды олар.