Тағы бір әнші Түркиядан үй алатынын қуана хабарлады (фото)
Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева тыңдармандарына жағымды жаңалығын жеткізді. Ол алдағы уақытта Түркиядан үй алу жоспарында бар екенін айтты. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында хабарлады.
- Алла жар болсын. Үй алуға келдім, - деп қысқа қайырды әнші.
Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызының бұл шешіміне қатысты түрлі пікір білдірді. Бірі оны сынап жатса, тағы бірі өз қолдауын білдірді. "Тіке айта салды.
- "Үй алуға келдім" ,-деп.Елдер сияқты жұмбақтап миды ашытпады", "Неге бәрі сол жақтан үй салып кетті" , "Жұлдыздар үй сатып алудан марафон бастады ма" , "Жолың болып, қалаған үйіңді алу нәсіп етсін. Саудаң жақсы өтсін.Алдын- ала құтты болсын", "Жарайсың, жалғызбасты ана бола тұра, көптеген еркектің қолынан келмейтін істерді тындырасың", "Бізге де бұйырсын. Берекелі үй болсын", - деп жазуда көпшілік.