«Алладан қорқу керек» - Нұржан Төлендиев (видео)

Oinet.kz 22-02-2021 1381

Белгілі актер Нұржан Төлендиев Түркістан қаласында жаңадан ашылғалы жатқан театр төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірді. Ол өнер ордасының атауын Райымбек Сейтметовтың есімімен атауды сұрап отыр. Бұл туралы ол "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтты.

Азамат пен Нұржан.jpg

Нұржан Төлендиев өзге әріптестері секілді өнер ошағына Райымбек Сейтметовтың есімі берілмегеніне күйінді. 

- Райымбек Сейтметов ұстазымыздың жатқан жері жайлы болсын. Ол кісі Алматыдағы жылы орнын тастап, туған өлкесінен тақыр жерден театр ашты. Мен ол кісінің ең алғашқы шәкіртімін. Сол кісінің шеберханасынан шыққанмын. Әкемдей адам, қалай мен бұл жайтқа күйінбеймін. Түркістанда еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін оның еңбегін жақсы біледі. Қаншама пайдалы, тәрбиелік мәні зор қойылымдар қойды. Адам көзі кеткеннен кейін өзі кетті деуге болмайды. Алладан қорқу керек. 21 жыл уақытын сарп еткен. Түркістанның құрметі, сол кісінің аруағының разылығы үшін беру керек қой. Мұхтар Шаханов досы, Дулат Исабеков досы. Ақсақалдарымыз айту керек еді "еңбегі бар" деп. Олардың сөздері бізге қарағанда салмақты ғой, - деді Төлендиев. 

Сонымен қатар, өнер иесі Азамат Сатыбалдыға қатысты өз ойын ашық айтты. 

- Кәсіби маман ретінде ол мықты актер әрі режиссер. Мен Азекеңнің өнері мен еңбегін жоққа шығармаймын. Бірақ, ол кісі де ұсыныспен келіп отырған шығар. Ол да "мүйізі қарағайдай ұстазымыз ғой, сол кісіге берілу керек" деп айту керек еді. Айтса айтып та жатқан шығар. Мен оны білмеймін. Әріптесімді жамандап отыру маған жат. Келсін. Қанша театр ашылса да Азамат та, басқасы да келіп басқарсын. Оларға жоқ демейміз. Бірақ, бірінші Райымбек ағаға берілу керек. Одан кейін келе беру керек , - деді ол "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында. 

Азамат Сатыбалды өзі туралы қауесет таратқандарға шүйлікті
Төреғали Төреәлі қарындасына пәтер сыйлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу