Димаш Құдайберген Қытайға оралды (фото)
29-09-2021
Белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерей Димаш Құдайбергеннің талантына өз бағасын берді. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты.
- Мысалы Бағым Мақсатқызы сол кезде өте дұрыс баға берді. Өйткені Димаш бір әнәнде өзінің ән айту шеберлігін көрсетіп тастады. Ол өлеңнің стилі болу керек. Соны айтты Бағым Мақсатқызы. Негізі Бағым Мақсатқызы Қазақстан бойынша профессиональный музыкальный критик адам. Ол педагог. Әншілерге ән айтуды үйретеді. Димаш Димаш болғалы Бағымға күйе жағылды. Ал, егер Димаш Димаш болмай әлі де ауылда жүретін болса Бағымның айтқан сөзін елемейтін еді. Димаш ол кезде жас болды, 17-де болды. Кез келген Димашқа қарсы айтылған әңгіменің бәрі Димашқа плюс болып кетіп жатыр. Талантты танымадық деп. Ол Бағым емес танымай отырған. Жалпы қазақ Димашты биікте жүрсе де Димашты әлі танымайды. Димаштың өнеріне мұқтаж емес. Неге? Өйткені, біздің музыкалық сауатымыз, деңгейіміз жоқ. Бағаланбағаны да, қазір елді бүкіл әлемге танытып жүрсе де Димаштың деңгейіндегі музыка тыңдайтын бізде халық аз да кем. Неге? Өйткені, музыкалық сауатсыз. Неге? Өйткені, сауатсыз әншілер құлақты бітеп тастаған. Соларды дәріптейді біздерде. Жеңіл әндерді дәріптейді. Ал, егер де симфонияны тыңдатып, жақсы фирменный әндерді тыңдата берсе халықтың музыкалық деңгейі өсер еді. Сонда олар таланттың бағасын бере алар еді - дейді Қайрат Әділгерей.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергенов "Ел арна" телеарнасында көрсетілетін "Саз әлемі" бағдарламасына қатысқанда Бағым Мақсатқызы оның талантын мойындағанымен әні ұнамағандығын жеткізген болатын.