Италяндық Сон Паскаль қазақ қызына үйленді (фото)

Oinet.kz 15-02-2021 2948

Қазақстанда он жылға жуық тұрып жатқан италиялық әнші Сон Паскальдың таңдауы қазақ қызына түскен. Көптен бері ел алдына шықпай кеткен Паскаль Каприно "Алматы" арнасына ерекше сұхбат беріп, өміріндегі өзгерістерімен бөлісті деп хабаралайды Oinet.kz тілшісі.

WhatsApp Image 2021-02-15 at 10.59.59 (1).jpeg

Шоу-бизнес өкілі карантин режимі кезінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, онымен бірге отбасын құрған. Жас жұбайлар карантиннің салдарынан ауқымды той жасамай, тек жақындарына шағын той жасап берген.

- Менің Қазақстанда тұрып жатқаныма тоғыз жыл болды. Сол себепті күйеубала болу мен үшін бұл табиғи құбылыс деп есептеймін. Мен керемет қызды жолықтырдым. Біз көп ұзамай үйленуге шешім қабылдадық. Мен 34 жасымда отбасын құрдым. Қазақи стандарт бойынша мен кеш үйленген болып саналады екенмін. Бізде екі той болды. Сіздерде қазақи дәстүр бойынша алдымен қыз ұзату, одан кейін үлкен той жасалатынын білемін. Алайда, бізде олай болмады. Біз екі үйлену той жасадық. Екі жақтан да туыстарымыз көп болған соң, біз оларды екі түрлі тойға бөліп тастадық. Бізде құдалық деген нәрсе тойдан кейін болды. Әрине, кейде қиын. Оның туысқандары  мені ұйғыр ма, тәжік пе? деп менің ұлтымды талқылап сұрастырып жатады. Жарым бұл жайтқа алаңдайды. Ал маған бәрібір, бұл өмір. Мен оның отбасына қалың мал бермедім, біз өте заманауи жанұямыз. Алайда, бір-бірімізді өте қатты сыйлаймыз. Бұдан асқан нәрсе жоқ. Оның маған тұрмысқа шыққанының өзі жақсы инвестиция ғой. Қалжыңдаймын. Керісінше, маған осындай қыз кезігіп жолым болды. Мен оны тапқаныма қуаныштымын, деді әнші.


«Қазақ Димаштың өнеріне мұқтаж емес» - белгілі әзілкеш (видео)
Белгілі әнші жағымды жаңалығымен бөлісті (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу