Димаш Құдайберген Қытайға оралды (фото)

Oinet.kz 29-09-2021

Күллі әлемге аты танылған ғажайып дауыс иесі Димаш Құдайберген екі жылдан соң Қытайға оралғанын мәлімдеді. Өнер иесі халықаралық аренада шығармашылығын барынша дамытпақ, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Эстрада жұлдызы Қытайда бірқатар жоспарларын іске асыруды мақсат етіп отыр. Ол бұл күнді екі жыл бойы асыға күткенін жасырмады. 

- "Достар сіздермен жаңалығыммен бөліскім келіп отыр. Араға екі жыл салып, әлемдік шоу-бизнестегі жұмысымды жалғастыру мақсатында мен Қытайға қайта оралдым. Халықаралық карантин кесірінен біз бұл кездесуді екі жыл бойы күттік. Мен бір ай оқшауланып жаттым. Сол аралықта көптеген жоспарларды дайындап қойдым. Олардың барлығын біз командамызбен бірге Қытайға іске асыратын боламыз. Мен әлемнің барлық елдеріндегі түрлі концерттік шаралары және телевизиялық жобаларына қатысатын боламын (ол елдерде карантин салдарынан концерттерге тыйым болмаса). Әлемдегі карантин менің жоспарларымды айтарлықтай өзгертті. Алайда, осы сәттен бастап мен сіздерді өз шығармашылығыммен одан бетер қуантатын боламын. Сіздерді жақсы көремін", - деп жазды Димаш. 

Өнер иесінің жанкүйерлері әншіге қолдау білдіріп, оған сәттілік тіледі. Олар Димаштан жаңа әндерді асыға күтетіндерін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

«Купальникпен түскен видеоларымды саламын» - Мәдина Сәдуақасова (видео)
Танымал актриса Қазақстаннан кететінін мәлімдеді (видео)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×