Қарақат пен Қыдырәлінің отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Қазақстандық танымал әнші Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болмановтың отбасылық суреті көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл фото Қарақаттың Instagram парақшасында жарияланды.
- Алла басқарушыға да, басқарылушыға да хидаят берсін! Аллаға жақын, халқына қайырлы, антқа берік, аманатқа адал ұлдарды өсіруге нәсіп ет Алла! - деп жазды әнші.
Қос әншінің керемет суретіне желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, жақсы ниет-тілектерін жазуда.
- "Әмин, ұрпағымыздың болашағы алаңдатады бәрімізді.Ел үшін, жер ушін жан беріп, қан төгіп, ұлт намысы үшін өздерін құрбан қылған, Ұлы, Қайсар, Білекті, Білімді, Қайтпас, Дана, Баба, аталарымыздың рухы қолдасын!", "Ханшайымдар,балапандар,аман болсын,Инша Аллах!", "Әмин! Айтқаның келсін айналайын! Аман болыңдар!", "Ұрпағыңыз иманды, салихалы болсын.Шіркін біздің басшылардың әр бір оныншысы болсада Омар әміршідей халқына жақын жанашыр болсағой шіркін", "Әумин Алла аналардың тілегін қабыл етсін. Барша ана тілегі жақсы ұрпақ өсіру" - дейді желі қолданушылары.