Димаш дауысын жоғалтып алуы мүмкін бе?
Қазақтың сүйікті әншісі Роза Рымбаева әлемді мойындатқан Димаш Құдайбергеновты дауысын жоғалтып алуы мүмкін деп күтпеген жерден мәлімдеме жасады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Әлемге танымал талантты әнші Роза Қуанышқызы өзінің шығармашылығы жайлы айтты. Сонымен қатар халық әртісі қазақ әншілерінің ішінде Димашты ерекше мойындайды. Алайда оның болашағы мен дауысына қауіп төнеді деп қорқады. Бұл туралы "NUR TILEY" бағдарламасындағы сұхбатында айтты.
Димаштың даусы осы қалыпта сақтала ма, әлде жоғалтып ала ды ма, оны уақыт көрсетеді.
Әншінің даусы да күретамыр секілді нәзік. Оны сақтамаса, жоғалтып алуы да мүмкін. Димаш қазір көп елге барады. Жоғары нотадағы әндерді шырқап жүр. Денсаулығына, даусына алаңдаймын. Оған ақылымды айтқанмын. Бірақ ата-анасы кәсіби әнші. Димаштың өзі де мұны жақсы білетін шығар. Дауысты жоғалтып алу қаупі әр әншіде бар. Димаштың даусы осы қалыпта сақтала ма, әлде жоғалтып ала ма, оны уақыт көрсетеді. Мен де даусымды жоғалтып алмасам, осы биікте қалсам, сахнада осы биікте жүрсем деп армандаймын, дейді әнші Роза Қуанышқызы.