«Намазға келуіме асқар тауым әкем себепкер» Мөлдір Әуелбекова
Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова намазға қалай келгені жайында өз instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Танымал эстсра жұлдызы Мөлдір Әуелбекова намазға қалай келгені жайында айтты. Онымен қоса ата анасының қажы кісілер екендігін жасырмады.
- Менің намазым! Намазға қалай келдіңіз деп сұраушылар өте көп. Көбіне намазға орамалды болғалы келді деп ойлайды екен. Жоқ, олай емес. Намазға келгеніме Аллаға шүкір 6шы жыл кетті. Себепкер өзімнің асқар тауым - әкем Есіркеп қажы. Иә, әкем де, шешем де қажы. Әлхамдулиллях! Біз Әуелбековтер үй ішімен намаздамыз: әке-шешем, әпкем, әпкемнің екі үлкен 13/15 жасар балалары, інім-келінім және мен. Намаз оқуым жайлы тек өзімнің ортам білетін. Тыныш қана намазымды оқып, әнімді шырқап, тек етегі ұзын киіп жүре бергеніммен, орамал тағу ойымда арманым болып жүрді. Өйткені, намаз оқып, діни білімім артқан сайын, Алланың әмірлерінен көбірек хабардар болып, шаш пен мойын әурет екенін біліп жүрдім. Бірақ, жаулыққа келуім ұзағырақ болды. 5 жыл ниеттендім. Ниетім араға 5 жыл салып қабыл болды. Қазір Аллаға шүкір намазым да, орамалым да түгел. Көңілім тыныш!