Динара Сәтжанның отбасында қайғылы жағдай орын алды

Oinet.kz 18-01-2021 2583

Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан коронавирустың салдарынан туған тәтесінен көз жазып қалғандығын жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Динара Сатжан.jpg

- Бүгін біз сүйікті тәтемізден айырылдық. Сыздықова Майя Қинайқызы. Әдемі, мықты, дана әйел 67 жасқа толмай кетіп қалды. Ана, әйел, әже, қыз, әпке, тәте біздің үлкен Сатжановтар отбасының көз жанары болған. 45 жыл бұрын Сәтжанның (менің атам) кенже ұлы ауылға қалалық қыз алып келді. Кенжебай көке мен Майя тәтесі Қарағандыдағы политехте бір курста оқыды. Майя тәте сол кезде қазақ тілінде сөйлей алмады, бірақ біртіндеп тілін, дәстүрлерін, отбасылық салттарын үйренді. Біздің бірде-бір отбасылық іс-шарамыз Майя тәтеміздің қатысуынсыз болған жоқ. Оның дауысы өте әдемі болды. Студент кезінде Кенжебай көкемен бірге "Жас кенші" ансамблінде өнер көрсеткен. Ол өте іскер, креативті, шығармашыл, көңілді адам болатын. 60 жасында ағылшын тілін өз бетінше үйренді. Көп саяхаттады. Ол тау-кен инженері бола тұра үнемі жаңа мамандықтарды игерді. Ешқашан тоқтамады. Өткен жыл ол үшін қиын болды. Ол өзін ковидтен мүмкіндігінше қорғады, бірақ мына індет оны жеңіп кетті, - деп жазды Динара Сәтжан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)

Димаш Құдайберген АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуында халық әнін орындады (видео)
«Масқара! Қорқынышты!» - Қыдырәлі мен Қарақат жаңа заң жобасына қарсылық білдіруде (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу