«Масқара! Қорқынышты!» - Қыдырәлі мен Қарақат жаңа заң жобасына қарсылық білдіруде (видео)

Oinet.kz 18-01-2021 2045

Отандық танымал жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина "Баланы ата-анасынан қорғау" туралы заң жобасына қарсы екендігін жеткізді. Бұл туралы Қыдырәлі Болмановтың Instagram парақшасында жарияланды.

Қыдырәлі мен Қарақат.jpg

- Баланы ата-анасынан қорғау туралы заң қабылданады дейді. Парламенттің су жаңа депутаттары алғашқы талқылайтыны екен бұл.“Осы жолы сайдың тасындай іріктеліп кіл жақсылар бас қосты ғой, сайланса игі болар еді” деп күтіп едік, нәтижесі алдымызда. Одан кейін “сұрыпталып” сайланғандардың берген антын көрдік. Көзден ұят болды. “Қазақ алқына адал болуға ант беремін” деген сөзді қиып түсер қылыштай өткір етіп айта алмаған соң... Мына заңды қай жағына шығармақ?! Не дейді?! Сырттай бір адам “мына балаға қауіп төніп тұрған сияқты” деп құзіретті органға хабарласа әй-шәй жоқ кеп баланы жұлып алып кетеді екен. Ұрыссақ - эмоционалды, ұрсақ - физикалық, сұрағанын алып бермесең - экономикалық қысым көрсеткен болып ата-ана жауапқа тартылып, баланы тағы алып кетеді екен. Ата-анасы психикалық жөндеуден өтпейінше баланы көре алмайды, жағдайын біле алмайды. Жөнделу үшін белгіленген өңшең психотроптық дәріні еш қарсыласпай ішіп салып отыруға мәжбүр.

Міне, әңгіме қайда жатыр?! Ал оған дейін бала арнайы орталықтарда жатады дей ме, уақытша бір отбасыға беріледі дей ме, ол жағы тіпті ақылыма сыймады. Масқара! Қорқынышты!

Көршің “мынаның баласы күндегіден көбірек жылады” деп шағымданса, жетіп келіп баланың денесін бастан-аяқ қарайды екен де, иненің ұшындай көгерген, қызарған белгі тапса бітті баланы арқалап кете барады екен. Бала жүгірмей ме, секірмей ме, құламай ма?! “Әй ойбай ойнама, жүрме, отыр, көгертерсің” деп қадам бастырмай байлап отырайық?! Басқаны қойшы, бала өзі де қоңырау шалып арыз бере алады екен. Алла-ау, телефонды туғаннан біліп шығатын бұларың, қит етсе звондап тұрсын онда?! Неғылмақшы ?! Ұлың үйленем деп бір ұлды жетектеп келсе де қарсы болмайсың. Әйтпесе барар жерің темір тордың арғы жағы. Астапыралла!

Мына заман қалай-қалай түрленеді?!

Қайда бара жатырмыз? Кімге сенеміз?

Мүдделері не? Ұрпағымыз арқылы болашаққа балта шауып, ұлтты мәңгүрттендіріп, елді ессіздендіру ме?! Қарсымын! Қазір өзіме, менің жеке басым мен отбасыма қарсы қисық- қыңыр сөздерді қарша борататын жандайшаптар шабуылға шығатынан жақсы білем. Бірақ та, осы кезде бірігетін уақыт келген жоқ па? - деді Қыдырәлі Болманов. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚАРАҚАТ (@karakat_a)

Динара Сәтжанның отбасында қайғылы жағдай орын алды
«Мейрамбек үшін дұға тілеп қойыңыздаршы» - Сәкен Майғазиев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу