Қарақат Әбілдина қызына жантебірентерлік жазба арнады (фото)

Oinet.kz 05-01-2021 3986

Отандық танымал әнші Қарақат Әбілдина ана мен баланың арасындағы ажырамас байланыс, ыстық махаббат туралы баяндады, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады. 

Қарақат Әбілдина.png

- Бүгін бәріміздің көз қуанышымыз, әкесінің ай мен күні, ағаларының еркесі, Аялеканың ізінен ерген сіңлісі Айзөниіміз 4 айға толды. Жарығым сол, айдан айға ет жинап, тәтті қылықтар шығарып өсіп келеді. Жаратқанға шүкір! Бұрынғыдай қарны тойса жата беретін бала жоқ қазір. Айналаны көріп-танығысы, ұстап көргісі келеді. Дыбыс шыққан жаққа басын бұрып, аздап қана сықылықтап күліп қояды. Әкесін,бауырларын таниды, бетіне қараса болды, гуілдей жөнеледі. Жалпы баланың өмірге келу процесі ана үшін де, бала үшін де белгілі бір тұрғыда стресс қой. Ананың “балам” деп сай-сүйегі сырқырап, жан баласы шыдай алмайтын толғақтың ауырлығына төтеп беруі - оңай шаруа емес.“Толғақтың ауырлық күші - бір мезетте сүйектің 20 жерден сынғандағымен бірдей” дегенді оқып, Алланың құдіреттілігіне таңғалып қоя бердім. Ал бала болса анасының жайлы, жылы жатырынан шығып үлкен, салқын, оған бейтаныс әлемге бейімделуі қажет. Бала анасынан физикалық тұрғыда ажырағанымен, эмоционалдық тұрғыда бірге. Ол анасына толықтай тәуелді. Баланың өмірінің алғашқы кезеңінде оған күтім жасау, сенім, қорғаныш сезімін бере алу - алдағы өміріне, психикасының дұрыс дамып жетілуінде өте маңызды деп білем. Кіп-кішкентай нәресте әлі көп нәрсені ұқпаса да, анасының, айналадағы ересектердің сөйлегендегі интонациясынан-ақ өзі үшін олардың не ойлайтынын түсініп қояды екен. Бұл ретте жаңа босанған ананың да күтімі жайлы көп сөз айтуға болатын еді. Оны енді келесі бірде әңгімелейін. Аялёка айтпақша "Айзөнидің бүгін мини туған күні" "торт үрлейік" деп, солай демекші кішкентай қуанышымызды сіздермен бөлісейін деп... Менімен қатар босанған жас аналар, жағдайыңыз қалай?! Бала мен ана күтімі жайлы жақсы білеріңіз болса айта отырғайсыз, білгеннің артығы жоқ, солай емес пе? - деді Қарақат Әбілдина. 

Ал, желі қолданушылары әншінің сөзімен толықтай келісетіндіктерін айтып, ыстық лебіздерін білдіруде.

- "Тәп-тәтті мамасы да, бөпесі де", "Қызғалдақтай құлпырып, әдемі болып өсе берсін. Аман-есен гүлдей құлпырып жүруіне тілектеспін. Алла ұзак ғумыр берсін. Балапандардың қызыгын бірге көруге нәсіп етсін. Аялека қыз кішкентай сіңлісін әнімен тербетіп қолқанаты болсын. .Тіл мен көзден сақтасын өздеріңді", "Балаларымыз аман болсын", "Сіздің жолыңызды берсін маған көп балалы ана болайын", "Балапан дені сау болып өсе берсін. Алла қаласа елге аман есен оралып , кішкентайды көрсетіңіздер. Құттықтаймыз, көретін қуаныштарыңыз көп болсын" - дейді желі қолданушылары. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚАРАҚАТ (@karakat_a)

Димаш Құдайбергеннің бала кезіндегі отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Тоқтар Серіковтың анасымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндіруде (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу