Қарақат Әбілдина ешкімге айтпаған, ішкі құпиясымен бөлісті

Oinet.kz 30-12-2020 7680

Қазақстандық танымал әнші Қарақат Әбілдина басынан өткен қиын кезеңдер туралы айтып, жансырын ақтарды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Қарақат Әбілдина.png

- Алланың қалауынсыз бір жапырақ та жерге үзіліп түспейді”... Соңғы уақта санамда осы сөз жатталып қалыпты. Елім, халқыма келген нәубетті де, өз басыма түскен сынақта да осы бір сөз жаныма демеу болды. Жапырақ екеш жапырақ та Жаратқанның рұқсатымен ғана сабағынан үзілер балса, ендеше әрбіріміздің өміріміздегі оқиғалар кездейсоқтық емес болар. Бертінде Қасиетті Құранның тәпсірін оқып жүрмін. “Алланың хабарынсыз бір жапырақ та түспейді” - делінген Әнғам сүресінде. Дәл қазіргі сәтке қарап отсам, менің елден жырақта отыруымның Аллаға мәлім хикметі бар шығар.

Карантин деп жаппай үйге қуып тыққанда, көппен бірге үйде отырдық. Анашым нашарлап ауырып қалғанда қасынан табыла алмадым. Алты баланың анасы болғаныммен, мен де оған бала едім. Қимадым.Езілдім.Егілдім. Сырымды сыртқа білдірмедім.n Одан босануым...Аналар білуі керек, оңай емес. Осы кезде мен бір бәрінен қашып шыққым келгендей болды. Бір мұң меңдеп алып, еңсемді басып бара жатқандай еді. Анамын. Балаларыма күлімдеген, жүзінен мейірімі төгілген бақытты ана керек. Серпілгім, сергігім келді.Дәл сол уақытта Түркияға достарымыз шақырмасы бар ма,көп ойланбай азаматым қолдаған соң жолға шығатын болып,бір ауыстырар киімдерді салдық та Түркияға тарттық.

Айналасы 10 күнге деп келгенбіз. Бірақ та мына жақтың жылуы, адамдарының қабағы ашыңқы, жүзі жайдары болуы, балаларыма да ұнап, жабырқау жаным жадырап, уақытша ғана осында қалып қойдық. Тоғыз адамның бір ілер киімін ғана екі шемоданға сала сап 10 күнге деп шыққан біз осы жақта қыстаймыз екен деп ойладық па? Бәрі де Алланың қалауымен, Жаратқанның рұқсатымен болып тұрған уақиға ғой.

Дегім келгені осы еді ғой дейм.  “Бәрі де Алланың қалауымен...” . Ойым сан-саққа шашырап, айтарымды дұрыс жеткізе алдым ба білмеймін. Бірақ, халқым, елімнің анасы мен үлкендері, жаны нәзік қыздары мен келіндері мені түсінді деп ойлаймын. Соңғы кезде айтқым да, жазғым да келетін ойымда көөөп дүние бар. Айтсам тек жақсыны, жазсам тек тәлімдіні жазғым келеді екен. Соның жөнді-жөнсізін, есті-ессізін бағып, ретін келтіруді ойлап жүрмін.

Тек жақсылық болғай! Ел аман, жұрт тыныш болсын! Зор құрметпен Қыдырәлінің Қақаты, Қазақтың Қарақаты! -деді әнші. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚАРАҚАТ (@karakat_a)

Меруерт Түсіпбаева сынға қалған Димаш туралы пікір білдірді
Асанәлі Әшімов пен Димаш Құдайбергеновтың суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу