Меруерт Түсіпбаева сынға қалған Димаш туралы пікір білдірді
Әнші әлемге танылмай тұған тұста бірнеше сыншыдан сын естіп, бағы жанбағаны белгілі. Ресейлік әншілер Димашты сынаған әділқазылардың өзіне сын айтқан еді. Бұған Меруерт Түсіпбаева да үн қосты.
- Димаш парақшасына пост жазыпты, жақында көрсеткен бағдарламада, өз елі туралы, халқы туралы мақтанышпен айтқанын “Россия“ телеарнасы монтаж кезінде кесіп тастапты деп. Димаш ана тіліне, туған еліне деген сүйіспеншілігі туралы жазбаса да болады. Ол әлемге қазақша ән салдыртқан Тұлға!!! Ісімен дәлелдеген, әлдеқайда!!! Өкініштісі….Біздің елде продюсер танысы болса болғаны-кім көрінген жюри, кім көрінген эстрада сыншысы!! Ауызым бар деп , әйтеуір айта салып…. Шаршаттыңдар, демалыңдаршы. Фу. Сондай болып алыңдар, босқа көкімей. Атың шықпаса, жер өрте деген осы, - деп жазды Түсіпбаева.