Бүгін Ақан Сатаевтың туған күні

Oinet.kz 23-12-2020 775

Осыдан 49 жыл бұрын (1971) Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ахан Қарғамбайұлы Сатаев дүниеге келді. Қарағанды қаласында туған. 

Ақан Сатаев.png

Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген, кино және теледидар (1994). Еңбек жолы: актер, режиссер, жарнамалық роликтердің продюсері; «Сатайфильм» киностудиясының негізін қалаушы (2003); Astana Film Found компаниясының негізін қалаушы (2016). Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың шілдесінен бастап. «Құрмет» орденімен марапатталған (2019). Қазақстанның киноиндустриясының үздік қайраткері, «Жылдың халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты (2014), Қазақстан кинематографистер одағының «Құлагер» ұлттық сыйлығының лауреаты (2012), «Анаға апарар жол» толықметражды көркем фильмі үшін Қазақстан Республикасының әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2018); «Алтын жұлдыз» сыйлығының бірнеше дүркін иегері; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды (2013).

Белгілі продюсердің анасы қайтыс болды
Қазақстандықтар Оманға визасыз бара алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу