Белгілі продюсердің анасы қайтыс болды

Oinet.kz 23-12-2020 2231

Қазақстандық танымал продюсер Алтынбек Рахметовтың отбасында қайғылы жағдай орын алды. Шоу-бизнес өкілінің анасы өмірден озды, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Алтынбек Рахметов анасы.png

Қаралы хабарды алғашқылардың бірі болып Алтынбек Рахметовтың өнердегі әріптесі продюсер Ерғали Әбдірайымов жеткізді. 

- "Жігіттер" квартетінің басшысы Instagram парақшасында оған көңіл айтып, жантебірентерлік жазбасын жолдаған. Рахымды Алла, анамызды мейіріміне бөлесін. Қайғыңа ортақпын , - деп жазды Әбдірайымов. 

Күні кеше Алтынбек Рахметов те өз парақшасында анасының суретін жариялап, оның астында "Жаның жәннатта болсын, анашым" деген жазба қалдырған. Белгілі продюсердің қайғысына барша қазақстандық шоу-бизнес өкілдері ортақтасып, оған әлеуметтік желі арқылы көңіл айтуда. Ерғали Әбдірайымовпен қатар Ернар Айдар, Нұржан Әлімжанов, Жеңіс Ысқақова, Серік Ибрагимов пен Сәкен Майғазиев те өнердегі ағасын барынша жұбатуға тырысты. Шоу-бизнес жұлдыздары Рахметовтың жазбасының астында әсерлі жазбалар қалдырып, оған өз қолдауын білдірді. Барша желі қолданушылары да шоу-бизнес өкілінің қазасына ортақтасуда. 

- "Алтеке, анашыңыздың жаны жәннатта болғай" , "Иманды болсын" , "Мықты болыңыз" , "Арты қайырлы, топырағы торқа болсын", "Алла тағала жәннаттан орын нәсіп етсін" , "Орны толмас қаза" , - деп жазуда көпшілік.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ергали Абдраимов (@ergali_abdraimov)

Гүлзира Айдарбекова желідегі биі үшін сынға қалды (видео)
Бүгін Ақан Сатаевтың туған күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу