Алтынай Жорабаева жолдасымен некесін қиды (фото)
Қазақстандық танымал әнші Алтынай Жорабаева екінші жолдасымен некесін қиды. Бұл жаңалықтан әншінің өзі Instagram парақшасы арқылы хабардар етті.
- На-конецто! Некемізді жаңарттық достар сүйінші. Алланың қалауымен некеміз қиылды. Неке бұрыннан бар тек соны жаңарттық. Махр бұрын сұрап қойғанмын негізі. Бұл жолы салоннан көлік сұрадым. Бұрын əрине Алланың қалауымен, ата-анамыздың рұқсатымен некеміз болған етін. Алайда бүгін жаңартудың сəті түсіпті. Алла некемізді мəңгілік хайырлы етсін, жаным. Машинамды дайындай бер - дейді Алтынай Жорабаева.