Алтынай Жорабаева Назарбаевқа қарсыларды қатаң сынға алды

Oinet.kz 14-01-2022 11442

Танымал әнші Алтынай Жорабаева Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты сынаушылар туралы пікірін білдірді. Оның айтуынша, халық қандай болса басшы да сондай. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

"Қауымы қандай, басшы сондай! Кешегі жағдай, тағы да осыған көз жеткізді…

Иә, халықтың талабы орынды! Қымбатшылық жағадан алды. Алайда, басшылар ұрлады, жеді, елді тонады деп айқайлап жүрген жұрт еді. Бір мүмкіндік туып еді, жолындағысын жайпап, қолына түскенін қолтығына қысып, өз бауырын тонағандарды көрдік қой. Сонда солардың "ұры бастықтан" қандай айырмашылығы болды?

Иә, батпан байлықтың үстінде өмір сүріп, қарызға батып жүрген елміз.

Алайда, бұдан жаман күндерден өттік емес пе? Сол кезде көшбастаған көсеміміз болмаса, бағытымызды білмей, есеңгіреп тұрған едік қой.

Етек-жеңімізді жиғызып, түндігімізді түргізіп, шекарамызды шегендеп берген соң, енді сенің керегің жоқ! Кет те кет деп отырғанымыз қалай?

Елбасы қазір ешқандай қызметте емес. Мен ешқандай жағымпазданып отырғам жоқ! Осы уақытқа дейін де билікке айтатын сынымды айтып, мақтайтын жерде мақтап жүрмін!

Өзіңіз ойлап қараңызшы, балаңыз үйленіп, өз аяғына тұрды. Енді сіз бір ісіне ақыл айтайын десеңіз, шаруаң болмасын араласпа десе. Өмірінде бір қиындық болса, жүгіріп келіп осының бәрі әке сенің кесірің, сен жаман әке болдың, шал кет десе қалай боласыз?

Бір қателік жасады деп, мың жақсылығымызды ұмытсақ, бала әкеден, бауыр бауырдан теріс айналып, кетші кетке баса берсек не болмақ?!

Біреуді жамандаса жабыла жамандап, мақтаса жабыла мақтау да дұрыс емес деп ойлаймын .

Отан отбасынан басталады.

Қазақстанымыздың беделінің биік болуына, көркеюіне әрбір қазақстан азаматы қызмет етуі тиіс! (Қалтаңнан шығарып емес, тым болмаса аулалардағы балалар ойнайтын заттарды, лифттарды , саябақтарда, көшелерде әдемілік үшін салынған заттарды, өтініш қиратпаса екен)

Үкіметтен талап ететін мейірім, көмек, тәртіп т.б. өзіміз бастап, бала-шағамызға үйретейікші. себебі, үкімет- халықтың тәрбиелеп өсірген перзенті.

Күпірлік етушіден емес, шүршілік етушіден болайықшы!" - деп жазды әнші.

Самат Әбіштің қайда екені белгілі болды
Мейрамбек Беспаев Қазақстан халқына үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу