Мейрамбек Беспаев Қазақстан халқына үндеу жасады
Танымал адамдар неге үнсіз? Көптеген желі қолданушыларын мазалаған сұраққа Ләйлә Сұлтанқызы жауап берді. Ол - Мейрамбек Бесбаев телефон арқылы тілдесіп, олардың елде болған жағдайға қатысты пікірін білді.
Мейрамбек Бесбаев 5 қаңтар күні жеке парақшасында елді сабырлыққа шақырып, видео жариялаған. Ол тәртіпсіздіктер кезінде ауруханада жатқанын айтады.
"Көрдің ғой, Ләйлә, тұманды күндер болды. 30 жылда қиналған қаншама халықтың көз жасы, ашынған күйі жалпы кеше көрініс тапты ғой. Бұл бізге ғана керек мемлекет. Бұл қазақтың ғана мемлекеті", - деп пікір білдірді ол.