Серік Ибрагимов екінші мәрте әке атанды (фото, видео)

Oinet.kz 07-12-2020 957

Танымал қазақстандық әнші Серік Ибрагимов қызды болды. Екінші сәбиін дүниеге әкелген жарын әнші күні кеше перзентханадан ерекше салтанатпен алып шықты. Бұл туралы Серік Ибрагимов Instagram парақшасында жариялады. 

Серік Ибрагимов отбасы.png

-  Алланың қалауымен кішкентай ханшайымды перзентханадан алып шықтық! Аллаға мың шүкір! Ата-аналарыма, жақындарыма, дос-бауырларыма көп рақмет! @ainamkoz_abdima қабырғама мың алғыс! Баршаңызға жұғысты болсын, жақындарым - деді әнші.

Ал, желі қолданушылары әншіні жағымды жаңалығымен құттықтап, ыстық ықыластарын білдіруде. 

Серік Ибрагимов әйелі.png

- "Ғұмырлы болсын!!!",  "Бауы берік болсын", "Туысқан , отбасыңа келген ырысыңның , өрісіңнің бауы берік болсын!", "Секебас сұлу бикештің бауы берік болсын. Өзіңе тартқан әдемі, тартымды, инабатты болып өссін. Өмірі ұзақ болсын", "Бауы берік болсын, ата-анасы, туғандары аман болсын", "Бауы берік болсын, Серік, Айнамкөз. Қызғалдағыңыз құлпырып өссін" - дейді көпшілік.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Serik Ibragimov

Қайрат Әділгерейдің ерекше әзілі желіні жарды (видео)
Тоқтар Серіковтың отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу