17 жасар блогер қыз әкесіне көлік сыйлады (фото, видео)
Қазақстандық Әбілова Мерей есімді 17 жасар блогер қыз әкесіне көлік сыйлады, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы блогердің өзі Instagram парақшасында хабарлады.
- Не айтарымды білмей тұрмын. Сөзсіз... Осындай жетістікке жеткізген Аллаға Шүкір. Ата-анамның қолдауына Рахмет. 18 жасқа толмай тұрып, әкеме көлік алу арманым еді, орындалды. Қандай типично болмасада, Армандар Орындалады. Көзім жетті ғой. Просто сену керек. Барлықтарынызға бұйырсын - деді Мерей Әбілова.
Блогер қыздық бұл әрекетіне желі қолданушылары қуанып, өз әсердері мен ыстық лебіздерін жеткізуде.
- "Құтты,берекелі болсын, Мерейка. Ата-ананың үмітін ақтаудан басқа Бақыт барма", "Алланың разылығы, ата-ананың разылығында", "Құтты болсын! Жарайсың", "Сен сөзсіз ақылды, керемет қызсың. Жарайсың!" - деді көпшілік.