Төреғали Төреәлі ұлын тұңғыш рет халыққа көрсетті (фото)
Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі тұңғыш рет ұлын көрсетті. Өнер иесі бұған дейін Төренұрдың суретін еш жерде жарияламаған, деп хабарлайды Oinet.kz.
Төреғали Төреәлі өзінің туған күнінде жасалған фотолармен бөлісіп, Instagram парақшасында алғаш рет ұлымен түскен суретін ел назарына ұсынды. Бұған дейін жұлдызды отбасы Төренұр Төреәлінің түрін еш жерде көрсетпеген болатын. Алайда, эстрада жұлдызы жеке мерекесіне орай, барша жанкүйерлеріне бір қуантып алған. Желі қолданушылары бірден әкесі мен ұлының суретін қызу талқылап, олардың өзара қатты ұқсайтындарын жазды.
- "Сізден аумай қалған. Тіл көзден аман болсын құлыншақ" , "Аузыңыздан түсіп қалғандай" , "Ұқсамасаң тумағыр" , "Туған күн құтты болсын сәби атасымен әкесіне тартсын бақытты болсын" , "Кішкентай Төреғали ғой, ғұмыр жасы ұзақ болсын", "Төреғалидің көшірмесі" , "Төреш өзіңнен айнымай қалған" , "Әкесінен айнымай қалыпты ұлы" , "Атасы мен әкесінің ортасында неткен керемет көрініс" , - деп пікірлерін білдірді желідегілер.