Балғынбек Имашев отбасы туралы жантебірентерлік жазба арнады (жазба)

Oinet.kz 29-09-2020 2706

Қазақстандық белгілі айтыскер Балғынбек Имаш отбасы туралы жантебірентерлік жазба жариялап, қалың көпшілікпен тың мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

image.png

Анасымен түскен фотосын желіге жүктеген ол, сурет астыда жанұясына қатысты жазба жариялады. Ақын бір анадан жеті бала туғандарын айтқанымен, бір әкеден одан да көп болып шығуы мүмкін екенін жасырмады. 

- "Мынау ұл төрт айлығынан анамыз бауырына салып, ешкінің сүтімен баққан баласы Данияр. Осыны срочно үйлендіріп анашыма шөбере сүйгізу керек болып тұр. Біз бір анадан жетеуміз. Бір әкеден одан көбірек шығармыз. Кім білсін. Алла қосқан қосағым Жазира он ағайынды, екеуміз отау құрамыз дегенде маған болашақ жарым: "Алла бұйыртса өз анам секілді он бала туып "Алтын Алқа" әперем, кем дегенде енем сияқты жеті бала туам" деген. Содан аффирмациясы қабыл болып, Үкімет Жазираның шамасын ескере, жеті бала тапқандарға да "Алтын Алқа" тағатын болды. Әзірге Күміс қолда" , - деп жазды айтыскер. 

Оған қоса, Балғынбек Имаш жазбасының соңында әсерлі өлең жолдарымен бөлісті: Бір ұядан түлеп ұшқан жетеуміз, 

Сертке берік, уәдеге бекембіз. 

Дұрыстықты, ырыс-құтты ту қылсақ, 

Туыстықтың қадіріне жетерміз. 

Бір сабақтан өскен жеті күлтеміз, 

Бір табадан шыққан жеті күлшеміз.

Бір аптаның жеті күні секілді, 

Бір шырақтан жанған жеті білтеміз. 

Бір атаның жеті бірдей "алтыны", 

Бәрі құнды, жоқ кемі мен артығы. 

Мейірім мен махаббатқа қаныққан, 

Ата-ананың ақ пейілі арқылы. 

Бір таудағы жеті сілем жотамыз, 

Желмаяға ерген жеті ботамыз. 

Қос ішектен шыққан әуен болсақ та, 

Жетеуіміз жеті түрлі нотамыз... 

Жеті жарғы талабындай жетеуміз, 

Бір бидайдың сабағындай жетеуміз. 

Бір құдайды ұлықтаған Қағбада, 

Қажылардың тауабындай жетеуміз. 

Ренжісе де бір-біріне мін тақпас,

 Іздесе де бір-бірінен кір таппас. 

Жеті қат жер, жеті қат көк секілді, 

Бірге туған біз жетеуміз құрсақтас. 

Бүгін бармыз, ертең жоқпыз, өтерміз, 

Анамызды қалай разы етерміз? 

Жетеумізге жетіп еді бір ана, 

Бір анаға жетпей жүрміз жетеуміз. 

Анамызға болсын астың дәмдісі, 

Анамызда болсын киім сәндісі. 

Анамыздың жауғанша аппақ алғысы, 

Өмір берші, Ұлы Аршының Раббысы! 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Мынау ұл төрт айлығынан анамыз бауырына салып, ешкінің сүтімен баққан баласы Данияр. Осыны срочно үйлендіріп анашыма шөбере сүйгізу керек болып тұр. Біз бір анадан жетеуміз. Бір әкеден одан көбірек шығармыз... Кім білсін

Гүлзира Айдарбекова «келіні қайын атасымен төсектес болды» деген сыбысқа жауап берді (видео)
Танымал әзілкеш алғаш рет әке атанды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу