Талғат Теменов Тәуекел Мүслімнің намысына тиетін сөз айтқан
Тәуекел Мүсілім өнер жолын модель актері болып бастады. Сахнада бағын сынаған соң өнер әлеміне келді. Кино саласы қызықтыра бастаған соң бірнеше фильмде басты рөлді сомдады. Актер өзінің киноға келуі оңай болмағанын айтады. Бұл туралы Oinet.kz ақпарат агенттігі "ER-BATYR" жобасына сілтеме жасап хабарлайды.
- "Мен алғашқыда модель актері ретінде кастингтерге қатыстым. Бірнеше кастингте болдым. Кейін сахнаға шығып жүрдім. Ең алғаш подиумға шыққан сәтімді ешқашан ұмытпаймын. Сахнаға шыға сала жарықтарға, ыңдаған көрерменге көзім үйренбей, ұялып қалған едім. Бір-екі секунд тұрып қалдым да, өзімді қайрай бастадым. Соңына дейін баруым керек деп өзімді қажадым. Ақыры ұяла-қызара сахнағы шықтым. Осылай менің модельдік мансабым абасталды. Кейін кино саласы қызықтыра бастады. Бірақ мен көңіл-күйдің адамы емеспін. Біреумен ұрысу, төбелесу маған жат. Мен өзім қаламай тұрсам да, өзгенің көңіліне қарап тұрамын. Табиғатым сондай. Сондықтан рольдерде ұрысатын, айқайласатын эпизодтар мағн өте қиынға соғады", - деді Тәуекел.
Актер өзіне сын айтқан адамдар болғанын жасырмайды. Белгілі режиссер Талғат Теменов Тәуекелдің рөліне көңілі толмай, ренішін айтқан екен.
- "Бірде түсірілім алаңында жүрміз. Талғат Теменов ағамыз менің роль сомдағанымды қарап тұрды. Соңына дейін тыңдаған да жоқ. Сен ешқашан актер бола алмайсың. Бұл саладан кет. Сауатсыз актерсің" деді бәрінің көзінше. Мен ол кезде үндеген жоқпын. Бірақ сынған жоқпын. Егер бұрынғы ұялшақ, тұйық бала болсам, мүмкін содан кейін киноға жоламас па едім. Бірақ мен әрі қарай жалғастыра бердім", - деді ол.