Айгүл Иманбаева желіде тараған ақпаратқа өз жауабын берді (жауабы)
Әнші, актриса Айгүл Иманбаева өткен аптада ел аузында қызу талқыға түсті. Оған себеп әншінің бөгде азаматпен бірге түскен суреті. Әнші фотодағы азаматтың кім екенін көпшілікке айтып ақталды.
Бұл тақырып қызу талқыланып, әнші тұрмысқа шықты деген ақпарат тез тарады. Айгүл Иманбаева желіде жариялаған азаматтың әрептесі екенін айтты. Арада ешқандай сезім жоқ екенін жазуда.
- "Баршаңызға қайырлы күн Достар!! Бір аптадан бері әлеуметтік желіде Айгүл тұрмысқа шықты деген жалған ақпарат желдей есіп жүр.Оған себеп болған менің өз парақшама бірге оқыған курстасым,27 жыл Өнер айдынында бірге келе жатқан әріптесім, теарт актеры, А.И Шеберханасының кураторы, академия мастері Бағлан Иманғазиновпен бірге түскен фотом. Менің бір түсінбегенім, салған фотоның астына (бізде осындай фото бар)деген сөзден басқа артық ақпарат жазған жоқпын. Шәкірттеріміз түсірген әдемі фото болған соң салған едім. Мен өзімнің жеке өмірімді ешқашан әлеуметтік желіде бөліскен емеспін және бөліспеймін де. Себебі ол ЖЕКЕ ӨМІР. Ал соны әрі қарай үлкен әңгімеге ұластырып әкеткен, ешнәрсеге нақты көзі жетпей,анық-қанығын білмей жалған ақпарат таратқан сары басылымның журналистер қауымы. Жалпы мен ақталуға тиісті емеспін. Және парақша менікі,қандай фото салам, қандай сөз жазам оны өзім білемін. Шығармашылық адамның парақшасыда өзгелерден басқаша болу да керек. Ал, ойды әркім өресіне қарай түйеді. Ал, ылги менің Бақытты болғанымды тілеп отыратын оқырмандарыма,қашанда жақсы тілек жазғандарыңызға мың алғыс. Аумин, көптің тілеуі көл деген, айтқандарыңыз келсін", - деп жазды әнші.
Бұл жазбаға әнші Сайлау Қамиев пен Нұркен Өтеуіл пікір жазысты.
- "Күйеуге кетті ау деп шошып ем.. Жақсы болды, шанс бар екен әлі!", - деп жазды Қамиев.
- "Сонда да бақытты болыңдар", - деп жазды Өтеуіл.
- "Әркім өз парақшасына не салса да өзі біледі, астына не жазса да - өзі біледі. Осы жерде отырғандарға есеп беруге міндетті емес. Сынап өліп жатсыңдар ғой бәрің, не шаруаларың бар? Ауыз өзінікі, не айтса да, қол өзінікі, не жазса да", "Айгүл-ау сары басылымсыз ақ ақ тілек айтайын. Шын тұрмыста шығып, ауыздарына қақпақ қойып, бақытты болшы! Асылжаның үлкен жігіт болды ғой", - деп жазды желідегілер.