«Осы сәтті 10 жыл күттім»: Танымал тележүргізуші әкесіне су жаңа көлік сыйлады

Oinet.kz 26-08-2020 2201

Елімізге танымал тележүргізуші, журналист Аида Боранбай әкесіне темір тұлпар сыйлады. Журналист бұл сәтті 10 жыл күткенін айтып, қуанышын көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Бұл қуанышты жаңалықты тележүргізуші өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Туған күнім қарсаңында үлкен арманым орындалды! Аллаға сансыз шүкір! Ата-анамның реакциясы осы видеода. Естелік болсын. Барлық арман-мақсатымды қолдап отыратын жан жолдасыма рахмет!!! Ол кісінің алтындай достарына да тосын сыйға атсалысқандары үшін рахмет!!! Жақсылықтың, қуаныштың бәрі алда бұйырса", - деп жазды Аида Боранбай желіде. 

Тележүргізуші көлікті шармен әсемдеп ата-анасының үйіне әкелді. Дабылдата келіп жеткен бұл тосын сыйды бастапқыда ешкім түсіне алмаса керек. Ата-анасы мұндай сыйлыққа ие боламыз деп еш күтпеген. Анасы өзіне жас алып, әкесі мәз-мейрам болды.

"Мен не нәрсе желбіреп келе жатыр деп шарларды түсінбей түрмын. Өз туған күніне көлік алған екен деп қалдым. Сөйтсем маған сыйлап жүр. Рахмет, жаным. Керемет сыйлық. Әлі де сене алмай тұрмын", - деді Аида Боранбайдың әкесі. 

Тележүргізуші 20 жасында-ақ ата-анасына көлік сыйлаймын деп мақсат етсе керек. Осы арманы арада он жыл өткенде орындалды. Ол үшін жолдасына, оның достарына алғысын айтты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Аллаға сансыз шүкір! Ата-анамның реакциясы осы видеода. Естелік болсын❤️ Барлық арман-мақсатымды қолдап отыратын жан жолдасыма рахмет!!! Ол кісінің алтындай достарына да тосын сыйға атсалысқандары үшін рахмет!!! Жақсылықтың, қуаныштың бәрі алда бұйырса❤️❤️❤️

Нұрлан Қоянбаев Түркияда әйгілі Неслихан Атагүлмен кездесті (фото, видео)
Әнші Төреғали Төреәлі халықты тағы да таңғалдырды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу