Әнші Төреғали Төреәлі халықты тағы да таңғалдырды (фото)

Oinet.kz 26-08-2020 2987

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі желіде су жаңа фотосессиясымен бөлісіп, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды. Арғымақ үстінде көлікпен жарысып бара жатқан әншінің суретін желідегілер жылдың ең үздік фотосы ретінде бағалады, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

"Ұлы дала баласы" желідегілердің асқан қызығушылығын тудырған суретін Instagram парақшасында жариялады. Онда ат үстінде шапқан Төреғалидің Gelandewagen көлігін басып озып бара жатқанын байқауға болады. Аталмыш фото көл жағасында темір тұлпар мен арғымақтың үлкен жылдамдықта жарысып жатқан сәтінде түсірілген. Желі қолданушылары эстрада жұлдызының суретіне өз пікірлерін қарша жаудырған. Алғашқылардың бірі болып Төреғали Төреәлінің өнердегі ағасы Сәкен Майғазиев жазды.

- "Бүгінгі күннің ең үздік фотосы ма? Әлде жылдың үздік суреті ме?" , - деп өз ойын айтты ол. 

Оған қоса, өнер иесі өзіне арнап, өлең жолдарын шығарған. Ол дүние есігін ашқан уақыттан, қазіргі кезіне дейін өмірін шолып өтті. 

image.png

Сонымен қатар, әнші әншілік мансабы басталғалы өзіне елеулі түрде қолдау көрсетіп келе жатқан барша жанашыр жанкүйерлеріне алғысын білдірді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Жылдар жылжып, Ғасыр өтіп барады. Өткен күннен Нелер есте қалады. Осы күнге жеткенге, Бір сəт өткен кеткенге, Көз жүгіртіп қарайықшы шамалы. Қолдау берсе айқайың, Тыңдасаңдар айтайын, Қалай болған Төреғали Төреəлі?!) 1992 күз еді, Естімесек білмеймізғой біз оны. Байқоңырдың бай елі, Төреəлінің əйелі, Мені тапқан Жетісайдың қызы еді. 1999-ыншы жыл еді, Қыркүйекте қолымызда гүл еді. Нұрға бөлеп қыздарды, Жырға бөлеп ұлдарды, Сол мектептің болып шықтық түлегі. Сөйтіп 2008-ге кеп тоқталдық. Ару қала Алматыға кеп қалдық. Армандаған мен өзім, Жүргеніптің колледжін, Студент боп алып ұшып бетке алдық. 2000-да 10-ыншы жыл кез еді, Маған түскен Ермановтың көзі еді. Айналайын балам деп, Сенім артам саған деп, Топқа қосқан Жүрсін əкем өзі еді. Ақын болып толғанып, Ақ домбыра қолға алып, Айтысыңның атанып ем көжегі. Жақсы ақын деп ел жүргенде ой пəл-ай, Шабытымды қалмаушы едім шайқамай. Домбыра ұстап сол қолым, Микрофон ұстап оң қолым, Əнші болып кетіппізғой байқамай. 11-інші ай, қарашаның 11-і, Ұлы дала ұлы бастап жолды ірі. Төреғали əн салып, Бүкіл халық тамсанып, Залға сыймай қайтты дейді сол күні. Алғыстарын жаудырып, Бағымызды жандырып, Ақ тілегін айтты дейді сол күні. Кейбіреулер жұлдыз дейді ау мені де, Бос мақтауға кетпеуші едім семіре. Жəй бір жұлдыз атанбай, Сұлтан Махмұт атамдай, Күн боп шығам қазағымның көгіне. Мен айтыстан кетпедім, Айтатыным көп менің, Қайта оралам төл өнердің төріне. Концертіме кеп тұрған, Бəрекелді деп тұрған, Мың рахмет мырза көңіл еліме! #ҰлыДалаБаласы #ТөреғалиТөреәлі

Публикация от

«Осы сәтті 10 жыл күттім»: Танымал тележүргізуші әкесіне су жаңа көлік сыйлады
​Танымал актриса коронавирустан көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу