Қайрат Нұртастың әйелі көпшіліктің мазағына қалды

Oinet.kz 04-08-2020 4710

"Неке сыры" деп аталатын бағдарламаның тізгінін ұстаған Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова сынға ілікті. Көпшілік атышулы бағдараманың берер тәрбиесі жоқ деген пікір білдіруде, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Бұл туралы желідегі жазған көрермендердің пікірінен аңғарауға болады. Осы ретте Шынар Құрманғалиева арнайы жазба жариялады. 

"Қайрат Нұртастың әйелінің деңгейі төмендеп кеткен бе, әлде бұрыннан төмен бе?

Мына бағдарламаның тақырыбы, ондағы қонақтардың пікірі, құдай сақтасын не деген мазақ. Еліміздегі мықты продюсер Гүлзира ханым “как такое допустила” деп ойладым. Үнемі Қайратқа ән таңдағанда қатты мән беремін деп айтатын еді.

Хабардың кейіпкерлері актер мен актрисалар, жазып берген сөздерінен шатасып отыр (қасымдағы көршіме үнемі айтатынмын, күйеуімнің біреуі бар сияқты десе, көршісі: осы жерге келіп естіп отырмын дейді. Бәрі жасанды. Бөліп берген рөлдерін дұрыстап сомдай  алмай отыр.

Баяғыда бала кезімізде орыстардың ‘Окна’ деген бағдарламасы желісінде жасаған екен. Оданда Қазақстан арнасындағы “Шаңырақ” бағдарламасында жүре бергені дұрыс еді. Лентадан көріп қалып, қарап шығып едім. Тіпті Хайп, рейтинг қуамыз деп келешекте бұдан да сорақысы болатын шығар. Себебі қазіргідей заманда телеарналарға көрерменді жаулап алу оңай емес!

Жаулаудың жолы осы екен деп, үлкен экранға “екеудің құпиясын” актерларға ойнатып болса да шығару дұрыс емес!

Р.S. Негізі Жұлдыз өз парақшасындағы жазбалары (әрине өзі жүргізетін болса, жазбалары жаман емес! Мына хабарға жүргізушілікке келіп, не басына күн туды екен! Онсыз да танымал, ақшалы", - деп жазды ол парақшасында. 

Айта кетейік, отандық арнаның бірінен көрсетілетін бағдарлама отбасылық мәселелерді, жеке адам мәселесі мен өзге тақырыптарды көтеріп жүр. Соңғы шығарылымында "күйеуім төсекте қанағаттандырмайды" деген әйелдің жай-күйі баяндалды. 

Әбдікәрімованың өзі желі оқырмандарынан қолдау сұрап, жаңа бағдарламаға жүргізуші болып келгенін сүйіншілей хабарлады. 

- "Араға ұзақ уақыт салып, көк жәшікке қайта оралдым. Мамандығым журналист емес, актриса. Бірақ ел алдына шыққан соң сөзімді түзеуге тырысып-ақ жүрмін. Ең алғашқы тәжірибемде бірден 90 минуттық тікелей эфирге тастай салды. (Тікелей эфирдің әр секунды сынақ). Сүріндім, сөзімді ұмыттым, қобалжыдым, қорықтым. АСБ-дағылар бір мезетте ушкадан жағаласқанда тастай сап, қашып кеткім келді. Бірақ жүре келе түзелген көштей жинақтала бастадым. Қазір қорқыныштың орнын махаббат басты. Сонда да әр эфир сайын жүрегім дүрсілдейді. Бұл - жауапкершіліктің уайымы. Тағы да көрерменнің қолдауына сеніп, жүрегімді басып отырмын", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары аталған бағдарламаның жасанды екенін, көрерменге күлкілі екенін айтып мазақ етті. Мұндай бағдарламаның алып тастау керек деп сын тақты. 

Ләйлә Сұлтанқызы вакцинация туралы аса маңызды мәлімдеме жасады
Жолдың қақ ортасында етбетімен жатқан Гүлназ Жоланова сынға ілікті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу