Ләйлә Сұлтанқызы вакцинация туралы аса маңызды мәлімдеме жасады

Oinet.kz 04-08-2020 1121

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жақындарын коронавирус инфекциясынан қорғау амалдарын тізіп шықты. Ақпарат өкілі алдағы уақытта қауіпті вирусқа қарсы вакцина салдыратынын мәлімдеді. Алайда, ол арнайы түрлі сынақтардан сәтті өтіп, вирусолог мамандардың рұқсаттамасын алған екпеге ғана келісімін бермек, деп хабарлайды Oinet.kz.  Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазба қалдырды. 

image.png

Ләйлә Сұлтанқызының вакцинацияға қатысты жазбасы Instagram желісінде жарияланды. Белгілі тележүргізуші онда қауіпті инфекцияға қарсы екпе түрлеріне ойы қандай екенін жасырмай айтты. Ол Ресей мен Австралия секілді елдердің жасап шығарған екпесіне сенімсіздік білдіретінін айтты. Ақпарат өкілі бұл қос мемлекеттің вакцинасын салуға қорқатынын жасырмады. 

- Менің пікірім. Вакцина жайлы жазбаның астына бір оқырман: “Әуелі неге өз пікіріңмен бөліспейсің”, - деп ұрысып алыпты. 2007-09 жылдары жоспарлы түрде ұлдарыммен барлық #прививканы алдық. Оның ішінде ОРВИ-ға қарсы егу де болды. Менде де ана ретінде, адам ретінде уайымдадым, қорықтым. Біраз зерттедім. Барлығының құрамын қарап, әр қоспаның әсері жайлы оқып шықтым. Егжей-тегжейлі біліп қана, екі ұлыма да егуді жасаттым. Мұнымен не айтқым келеді?! Иә, мен де барлығы сияқты өз денсаулығыма алаңдаймын. Австралияның болсын, Ресейдің болсын вакцинасын салдыруға қорқамын. ⠀ 

Мысалы, бүгін ғана ДДСҰ (ВОЗ) сапалы вакцинаның жарты жылдан кейін ғана шығатынын айтты. Кеше басталған вакцинаға сенімсіздікпен қараймын, жарты жылдан соң шығатын вакцинаны салдырамын. Бірақ❗️ Зерттеп, көзімді жеткізіп қана" , - деп жазды ол. 

Айгүл Иманбаеваның ұлы анасының тұрмысқа шығуына пікірін білдірді
Қайрат Нұртастың әйелі көпшіліктің мазағына қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу