Баян Алагөзова күйеуі екеуіне түскен ерекше ұсыныс туралы айтты
Баян Алагөзова жақында жаңа кинода бой көрсетеді, деп хабарлайды Алматы арнасына сілтеме берген Oinet.kz тілшісі.
Көп кинода ойнауға келісім бере бермейтін продюсердің киноның сценарийіне көңілі толған. Алайда оған жұбайы Тұрсынғали Алагөзовпен бірге роль сомдауды ұсынған.
Баян Алагөзова әдетте барлық рольдерге келісім бере бермейтінін айтады. Өз картинасында немесе актриса табылмаған жағдайда келіседі екен.
"Киноға түсу менің сүйікті ісім емес. Актрисалық өнер маған жақын емес. Сондықтан көп ұсыныстан бас тартамын. Ал, мына киноның сценарийі ұнады. Продюсер кино сценарийінің Тұрсын Алагөзов екеумізге арнайы жазылғанын айтты. Тұрсынға менің жолдасым болып кинода роль сомдауды ұсынды. Алайда мен бас тарттым. Себебі ол актер емес. Кинода шынайы ойнай алу керек. Әркім өз ісін жасау керек. Тұрсын кәсіпкер. Сондықтан ол бизнеспен айналыса берсін", - деп күледі продюсер.
Баян Алагөзованың жолдасының рөліне Жан Байжанбаев таңдалыпты. Ерлі-зайыпты болып екеуі кинода алғаш рет роль сомдамақ.
"Мен әрдайым түсірілім алаңы үшін жауапты болып үйреніп қалғанмын. Жауапкершілікті сезінетінмін. Жүйкені жұқартатын, барлық жауапты өз мойныңа алатын жұмыстар атқардым. Ал, қазір тек актриса ғанамын. Мұнда ондай жауапкершілік жоқ", - деді Алагөзова.