Баян Алагөзованың сіңлісі төрт бөлмелі жаңа пәтерін көрсетті (видео)

Oinet.kz 15-07-2020

Отандық танымал продюсер Баян Алагөзованың туған сіңлісі Бағым Мұхитденова көпшілікке өзінің жаңа баспанасын көрсетті. Ол төрт бөлмелі пәтерінде журналистерді қонақ қылып, үйін емін-еркін аралатты деп жазады Oinet.kz сайты НТК арнасындағы "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап.  

Screenshot_1.jpg

Бағым Мақсатқызы төрт бөлмелі пәтерін осыдан екі жыл бұрын сатып алған болып шықты. Алайда біраз уақыт бойы жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен, жанұясы тек бір жарым жыл бұрын ғана көшіп кірген. Ол бүгінде жолдасы мен ұлымен бірге тұрады. Алагөзованың сіңлісі тілшілерді барлық бөлмелеріне кіргізіп аралатқанымен, киімі тұратын бұрышын көрсетуден бас тартты. Бірақ жуынатын бөлмесін қарауға мүлдем қарсы болған жоқ. 

Музыкалық продюсердің пәтері толығымен жаңа үлгідегі жиһаздармен жабдықталып, ерекше "прованс" стилінде безендірілген.  Шоу-бизнес өкілі үйінің дизайнымен айналысқан маманның жұмысы көңілінен шыққанын айтты. Ол Мұхитденованың барлық талаптарын ескеріп, қалауын ойдағыдай жасап шыққан. 

Мұхитденованың өз баспанасын аралатып көрсетіп жатқан сәтінен жасалған бейнесюжетте оның ұлы мен жолдасынан бөлек, үйінде әпкесі мен жездесі де бой көрсетті.

«Бәрібір өлеміз» - деп видео түсірген атақты әншіні полицейлер ұстап әкетті
Баян Алагөзова күйеуі екеуіне түскен ерекше ұсыныс туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×