Айнұр Тұрсынбаева: «Ең алғаш айтысқа шыққанымда масқара болғанмын»

Oinet.kz 18-06-2020 1658

Айнұр Тұрсынбаева айтысқа алғаш келген сәтінен бастап үлкен сахнаға келген қадамдары жайлы айтты. 3-сынып оқып жүргенінде суырып салма ақындық қасиеті барын байқаған мұғалімі оны айтысқа баулыған. Осыдан бастап айтыс әлеміне келген екен. 

image.png

Бұл туралы айтыскер ақын Тұрсынбек Қабатовпен тікелей эфир кезінде болған әңгімесіне айтты.

Семей өңірінің тумасы Айнұр Тұрсынбаева мұғалімнің тапсырмасымен ең алғаш Ленинге арнап өлең жазған. Оқушының бойында ақындық қасиеті барын байқаған ұстазы оны айтысқа жетелейді. 

"9-сыныпта республикалық айтысқа алып барды. Мен жаттап алған өлеңімді айтып бердім. Ол кезде айтыстың не екенін, сұрақ-жауап секілді айтысатынымызды мен түсінбеппін. Маған ешкім оны айтпаған. Жаттаған өлеңімді айтамын да кетемін деп ойлаппын. Қарсыласым маған бір сұрақ қойғандай болып отыр. Не істерімді білмей бұрынғы Ленин туралы шығарған өлеңімді айтып бердім.  Солай масқара болып, ең соңғы орын алғанмын. Айтыстың не екенін кейін түсіндім. Келесі айтыста бас жүлде алдым. Үш жыл қатарынан оқушылар арасында айтыстан бас жүлде алдым", - деді Тұрсынбаева. 

Осылайша үлкен сахнаға жол ашылады. Бас-аяғы 34 көлік мінген айтыскер айтысты Балғынбекті өзіне жақсы серіктес санайды. 

"Кейбір салмақты ақындар болады. Тарихты айтып, салмақты жайттарды айтып отырады. Мен әзілге жақын адаммын. Айтысты әзілмен айтқанды жақсы көремін. Салмақты ақындармен шыққым келмейді. Маған ең ыңғайлы серіктес ол - Балғынбек. Онымен болған барлық айтыс сәтті шығады. Одан кейін Жандарбек пен әкесі Айтақын. Одан кейін Бекарыс Шойбеков пен Айбек Қалиевтерді айтуға болады. Енді Жандарбектің баласы да айтысқа келе ме екен деп қорқып жүрмін", - деді айтыскер. 

Расында Балғынбек пен Айнұр әзілі жарасқан айтыс жасайтыны белгілі. Қай айтысты алмасаңыз да, халықтың үлкен бағасын алды. 

"Мен қайда барсам, Балғынбек алдымнан шығады. Бір күні Меккеге барып, қонақ үйге демалуға келе жатсам, алдымнан Балғынбек шығып келе жатыр. Балғынбек екеуміз Африкаға да барғанбыз", - деп күледі ол.


Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы жан тебірентерлік жазба қалдырды
​Мақпал Исабекова тұрмысқа шыққаны рас па? (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу