Танымал актриса 30 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Oinet.kz 18-06-2020 1709

Еліміздің танымал актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова 30 жасын ерекше түрде атап өттті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

image.png

Құралай Анарбекованың туған күн кешінде танымал адамдардан Қайрат Нұртас, Айқын Төлепберген, Ләйлә Сұлтанқызы, Марсель, Raim мен Artur және тағы да басқа өнер жұлдыздары бой көрсетті. Актрисаның 30 жасы дәл карантин уақытымен тұспа-тұс келіп қалған. Сол себепті, ол туған күнін мейрамханада азын-аулақ жақындарымен бірге тойлаған. Кино саласының жұлдызы өзін құттықтап келген қонақтарына ерекше конкурстар ұйымдастырып, кешті анағұрлым қызықтырақ өткізуге тырысқан. 

Сонымен қатар, Анарбекованың жеке мерекесі үшін жиналғандар бүгінде Tik-tok желісінде хит болып жатқан Raim мен Artur-дың әніне видео түсірген. Олар қатар-қатар болып тізіліп, әйгілі флешмобқа қатысты. Құралай Анарбекованың туған күн кешіндегі фото және видеомен жұлдызды қонақтар арасынан тек қана Айқын Төлепберген бөліскен. Ол Instagram парақшасында көңілді отырыстан естеліктерді жариялаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Кім құртты?

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

"Сағынып қалыппыз": Әнші Шахизада тойға шығып, жұмысына кірісіп кетті (видео)
Ринат Зайытов: «Митингке шықпаймын...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу