Ринат Зайытов: «Митингке шықпаймын...»

Oinet.kz 08-06-2020 1217

Ақынды туған жерінде полиция тұтқындамақ болғаны рас па? Оны жамандауға «тапсырыс» берген кім? Айтыскерлердің арасында алауыздық бар ма? Митингіге шығудан неге айнып қалды? «Шынайы» бағдарламасына қонаққа келген Зайытов осы сауалға анық-қанық жауап берді.

image.png

Алдымен айтыскер «Семейге барғанда Ринат Зайытовты ұстап әкетіпті, әке-шешесін де қамапты» деген сыбысқа қатысты жауап берді.

«Көшеден көргендер солай айтқан болуы мүмкін. Расында да, 12-сі күні мені Семейде көшеде ұстап, қамамақшы болды. Мен жан-жаққа қоңырау шалдым. «Халық шулайды, сол керек пе сендерге» дедім. Ақыры босатты.

Ол арадан шығып, Өскеменге барып едім, ол арадан да ұстап алды. Тағы да қамамақшы болды… Негізі, бұл арада үлкен ойындары бар өздерінің…», – дейді ақын.

Алайда құқық қорғау органдарының өзін не себепті құрықтамақ болғанын ақын ашып айтпаған. Біздің болжауымызша, бұл былтырғы жағдайға қатысты болса керек.

Өткен жылы Алматыда халықтан тізерлеп кешірім сұрап, партия құратынын айтқан айтыскер тұтқындалып, артынша босатылған еді. Осы жағдайдан кейін ақын көптің көзіне көрінбей кеткен. Белгілі болғандай, Семейде жүргені анықталған.

Соған қарағанда Зайытовты Семейде тұтқынға алмақ болған сыңайлы. Алайда ол туралы көпшілік біле бермейді. «Шынайы» бағдарламасында ағынан жарылған Ринат осы жайтты шым-шымдап жеткізген түрі бар.

Партия құрудан айнып қалған ақын оның себебін: «мен ешбір өзгерісті адамдардың қантөгісімен жасамаймын» деп түсіндірген еді.

Кейіннен Әблязов пен Қосановқа шүйлігіп, әлгі екеуінің елден кешірім сұрауын талап еткен.

«Әблязовқа, Қосановқа айтарым, еркек болса елден кешірім сұрасын. Ешқашан ешкімнен ақша да, басқа да алып, елімді алдаған емеспін. Солай болып қаламын!

Мен халықты өзім алданған өтірікке сендіргенім үшін айыптымын. Бар кінәм сол. Сол үшін экранның ар жағынан емес, халықтың алдында кешірім сұрадым. Ол жасағаным қылмыс емес шығар. Ұлтым үшін туғанымды өлгенше дәлелдеп өтуге дайынмын! Тек уақыт беріңіздер. Қалғанын кейін айтайын», – деген еді Зайытов.

Танымал актриса 30 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)
Ләйлә Сұлтанқызы әже атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу