Белгілі «Қалаулымдық» жұп сәбилі болды
"Қалаулым" бағдарламасының арқасында шаңырақ көтерген Әлібек Боранбай мен Камила Саянқызы ата-ана атанды. Атышулы жобаның бұрынғы қатысушылары ұлды болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Қуанышты жаңалықпен алғашқылардың бірі болып, тележүргізуші Аша Матай Instagram желісінде жеткізген болатын. Ол Әлібек пен Камила қатысушы болған кезде "Қалаулымды" өзі тізгіндеп, олардың махаббат хикаясына куә болған.
- "Сүйінші, халқым! Әлібек пен Камила ұлды болды. Ура! Бауы берік болсын" , - деп жазды ол.
Оған қоса, Аша Матай Камила Саянқызын өзі ұзатып, Әлібекке табыстаған болатын. Жас жұбайлар қарым-қатынасын жоба барысында бастап, кейін отбасын құруды шешкен.
Желі қолданушылары жастарды шын жүректен құттықтап, дүниеге келген батырға өздерінің ақ тілегін жаудырып жатты.
Сонымен қатар, Камила Саянқызының босанғаны туралы "Бір болайық" бағдарламасының тікелей эфирі кезінде хабарланды. Оны жүргізіп отырған Анна Данченко барша қатысушылардан сүйінші сұрап, көпшілікке қуанышты жаңалықты жеткізген.