«Қазақстанда бір ғана Қайрат бар» - әнші Айжан Нұрмағамбетова
Қазақстандық белгілі әнші Айжан Нұрмағамбетова сахнадан көрінбей кеткен Қайрат Түнтеков үшін алаңдайтынын жеткізді. Ол "SuperStarKZ" жобасының жұлдызы шығармашылығын қайта қолға алғанын қалайды. Шоу-бизнес өкілі өнердегі інісінің даусын аса жоғары бағалап, эстрадада әзірге оның деңгейіне жеткен әнші жоқ екенін басып айтты, деп хабарлайды Oinet.kz "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап.
Айжан Нұрмағамбетова Қазақстанда тек бір ғана Қайрат бар екенін алға тартты. Ол дауысы да, стилі де ерекше Түнтеков екенін жеткізді.
- "Қайраттың дауысына, өзінің рекше стиліне әлі ешкім жеткен жоқ деп айтамын. Әр әншінің өз жолы, стилі, қылығы бар. Қазақстанда бізде тек қана бір-ақ Қайрат бар. Ол жол апатына түскенде менің ренжігенім. Барлығы жақсы көреміз дейді. Бірақ, біреуі көмек қолын соза алмады. Камераға қарап та айта аламын. Құрметті шымкенттік жігіттер, кәсіпкерлер сол жағдайда қайда болдыңыздар? Өз жерлестеріңіз, топырағы Шымкенттен ғой. Біз әртістер ақша жинайық дегенбіз. Әрине, біз кәсіпкер емеспіз. Тойдан түсетін ақымыз бар. Сол кезде біз жинайық дегенде Қайрат "жоқ, керек жоқ" деді. Неге көмектесетін бір кәсіпкер, жерлесі, досы табылмады ма? "Қайрат кім сенен сұрап жатқан? Міне бер де, шығармашылығыңды шыңда" деп жігіт табылған жоқ қой" , - деп ағынан жарылды өнер иесі.