Қолына сақина таққан Мөлдір Әуелбекова қызу талқыға түсуде
Отандық белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасына орамал тартып түскен суретімен бөлісіп, елдің қызу талқысына түсті. Желідегілер өнер иесінің өмірінде түбегейлі өзгерістер орын алып жатыр деп топшылады. Көпшілікті әншінің қолына таққан сақинасы ойландырып қойды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Мөлдір Әуелбекова қалың көпшілікті желідегі соңғы фотосымен ғана емес, жеке парақшасындағы өзгерістерімен де таңғалдырған. Әнші Instagram-дағы барлық суреттерін өшіріп тастаған. Өнер иесін бұл қадамдарға не итермелегені белгісіз. Желі қолдануылары бұл жайттардың астарында не бар екенін біле алмай әлек болуда. Олар сүйікті әртісінің парақшасын жіті тексеріп, соңғы фотосанын сақина тағып алғанын байқап қалған. Әуелбекованың жанкүйерлері ол сүйіктісімен отбасын құрғалы жатыр деп топшылады.
- "Қолдағы сақинаны байқадыңдар ма?" , "Орамал таққан жарасады екен" , "Парақшаңыздағы суреттер қайда кеткен?" , "Неге бәрін өшіріп тастадыңыз? Ғашығыңыз қарсы ма?" , "Отбасын құрайын деп жүрген секілді" , "Намазхан жігітке тұрмысқа шықтыңыз ба?" , "Сақинаны кім тақты" , - деген сарындағы сан пікірлер қаптап кетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram