"Үлкен қыз болдым": Айсәуле Бақытбек әкесімен түскен суретін жариялады (фото)
Отандық танымал продюсер Баян Алагөзованың тұңғышы ата-анасымен бала күнінде түскен суреттерін жариялады. Айсәуле Бақытбек карантин уақытында бұған дейін еш жерде көрсетпеген отбасылық мұрағаттағы фотолармен бөлісуді жөн көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ
Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында кішкентай кезінде әкесімен және анасымен түскен екі сурет жүктеді. Олардың бірінде бойжеткен әкесінің құшағында болса, екіншісінде анасының қолында ұйықтап жатқанын аңғаруға болады.
"Суреттегі кішкентай бүлдіршін бүгінде үлкен әрі әдемі қыз болып шықты. Өмір деген қызық қой. Айта кетерлігі, әлі де ұйқыны жақсы көремін. Екінші фотода анамның қолында ұйықтап жатырмын. Ол кезде анамның шашы басқаша еді" , - деген жазба қалдырды ол.
Бойжеткеннің ел назарына ұсынған суреттері желіде қызу талқыға түскен. Желі қолданушылары фотоларға өз пікірлерін жарыса қалдырып жатыр. Олардың басым көпшілігі Айсәулеге тәнті болған.
"Әкеңізді естен шығармайсыз. Өте қуантады" , "Жарайсың, әкең екеуің қатты ұқсайсыңдар" , "Әкесінің қызы сияқты" , "Папаңызға жақын сияқтысыз" , "Қандай керемет естеліктер" , "Көбірек осындай мұрағаттағы фотоларды жүктеп тұрсаңызшы" , - деп жазуда көпшілік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Так интересно,что эта маленькая девочка на фото уже взрослая и красивая девушка