«Карантиндегі жұлдыз»: Айқын қалай тамақ жасайтынын көрсетті (видео)

Oinet.kz 03-04-2020 1321

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген карантин уақытында желі қолданушыларына аспаздық өнерін паш етті. Эстрада жұлдызы стейк қалай әзірлеу керектігін көрсетті. Ол тамақ жасап жатқан сәтін әлеуметтік желіде жариялап, көпшілікті таңғалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

image.png

Карантин режимін ұстанып, үйінен шықпай жатқан Айқын Төлепберген Instagram парақшасында тамақ әзірлеп жатқан видеосымен бөлісті. Желіде белсенділік танытқан әнші оқырмандарын кезекті бейнеролигімен қуантты. Онда өнер иесінің асханада стейк дайындап жатқанын көруге болады. 

Эстрада өкілін жары Жұлдыз Өмірғали видеоға түсіріп алған. Желідегілер көпбалалы әртістің аспаздық шеберлігіне тәнті болып, оған өзінің оң пікірін жаудырған. 

"Жарайсыз, әйеліңізге көмектесіп жатқаныңыз жаұсы" , "Мықтысыз ғой, көбі пісіре алмайды" , "Ер адамдар тамақтары дәмді әзірлейді" , "Жұлдыздың арманы жоқ шығар сіздің тамағыңызды жеп көрген", "Қандай керемет көрініс" , "Сізді жаңа қырыңыздан танып жатырмыз, жарайсыз" , "Күшті, көбірек видео салыңыз" , - деп жазуда көпшілік. 

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген отбасымен таңғы сегізге дейін ұйықтай алмай жүргенін айтып, жанкүйерлерін алаңдатып қойған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


-Жаным видео түсірші. Мен стейк жасағандай болайын. Содан кейін өзің бітіре саласың

"Қиналып кеттік": Ұтыс ойын өткізбек болған Ақбота Керімбекованың басы дауға қалды
Нұрлан Еспанов: «Осындай сәтте қаржылық жағынан көмектесіп жатқан достарымыз аман болсын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу