Мөлдір Әуелбекова ұлына әке іздеуге кірісті
Қазақ эстрадасының жұлдызы Мөлдір Әуелбекова жалғыздық күйінен әбден шаршаған көрінеді. Желі қолданушылары шоу бизнес өкілінің әлеуметтік желідегі соңғы жазбасына сүйене отырып, оның жалғыз ұлына мейірімін төгетін әке іздеуге кіріскенін болжады. Онда өнер иесі шарасыздықтан өз күшіне ғана сеніп қалғаны жайлы жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында аса әсерлі жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды. Әнші ішкі толғанысымен бөлісіп, жалғыздық кесірінен қандай жағдайға тап болғанын айтып берген.
- "Карантинде үйде отырып түсінгенім, өзім еркек, өзім әйел болыппын. Шарасыздықтан өз күшіме ғана әбден сеніп қалған екенмін ғой. Қайтем енді, қайтем. Басқа амалым да, таңдауым да жоқ екен. Соған кейде жәй, анда-санда ойлап қоятыным бар. Бір арқа сүйерім - балама мейірімін төгіп әке бола алатын, маған шынайы қамқор болатындай пейілі таза азаматым болғаны да дұрыс па? Қалай ойлайсыздар? Әлде керек емес пе? Жалғыздық шаршатты. Сырласайық қәне достар, Махаббат үшін" , - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.
Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекованың коронавирустен қалай қорғанып жүргенін жазған болатынбыз. Шоу-бизнес жұлдызы карантинде үйден шықпас үшін азық-түлікті толтырып, сатып алды.