Карантинде отбасымен билеген Қайрат Нұртас елді тәнті етті (видео)

Oinet.kz 31-03-2020 2848

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас карантин уақытын қалай өткізіп жатқанын көрсетті. Үйінен шықпай отырған хитмен отбасымен қосылып жанкүйерлеріне би билеп берді. Жұлдызды әулет көңілді видеосымен әлеуметтік желіде бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

image.png

Қайрат Нұртас коронавируске қатысты елімізде жарияланған карантин режимін қалай сақтап жүргенін көрсетті. Өнер иесі Instagram парақшасында отбасымен үйде би билеп жатқан видеосын жариялап, жанкүйерлерін қуантты.

 Бейнежазбадан Қайрат пен Жұлдыздың балаларының ортасында билеп жүргенін көруге болады. Айта кетерлігі, жұлдызды жанұя бірдей қимылдар жасап биледі. Хитменнің тыңдармандары оның отбасына тәнті болып, өз жылы лебіздерін білдірген. 

"Керемет отбасы. Елімізге ауыр кезең тап болғанда халықты осылай қуантып қоясыз" , "Жан-жақтан жағымсыз ақпараттар түсіп жатқанда, сіздер көңілімді бір көтеріп тастадыңыздар", "Қандай керемет көрініс. Осылай тату болып жүре беріңіздер. Балаларыңыздың қызығын көре беріңіздер" , "Күшті билепсіздер, сіздерге ризамын" , "Тағы да осындай видеолармен бөліссеңіз" , - деп жазды көпшілік. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Би - еркіндік белгісі. Би өмірді ұзартады, өмір сүруге деген құштарлықты арттырады және бидің қимыл-қозғалысы жүректі қажытпай, адамның көңілін көтеріңкі ұстауға септігін тигізеді. Сондықтан достар бізбен бірге билеңіздер. Осы отбасылық би #челленджін барлық оқырмандарыма жолдаймын. Айпақшы мені белгілеуді ұмытып кетпеңіздер

Нұрболат Абдуллин халықтың қошеметінсіз онлайн-концерт беруді құптамайтынын айтты
Әншілерден қалыспай ән салған әзілкештер желіні жарды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу