Бейбіт Сейдуалиева: Тоқтар екі рет үйленеміз дегенде той болмады
Отандық танымал әнші Бейбіт Сейдуалиева Тоқтар Серіковпен махаббат хикаясы туралы бар шындықты айтып берді. Жеке өмірі жайлы көп сыр ақтара бермейтін эстрада жұлдызы жолдасы екеуі екі мәрте үйленейін деп тұрып тойлары болмай қалғанын жайып салды деп жазады KAZ.NUR.KZ "Талантым-тағдырым" бағдарламасына сілтеме жасап.
Бейбіт Сейдуалиева көп сұхбат бере бермейтін әншілер қатарына жатады. Алайда. бұл жолы өнер иесі сүйіктісімен қарым-қатынасы қалай өрбігенін еш бүкпесіз баяндады.
"Тойымыз керемет өтті. Көптен күткен той болды ғой. Біз жеті жыл қол ұстасып жүргенде екі рет үйленеміз деп үйге хабар бердік. Содан өнер деген бір осындай дүние, қол тимеді ма, сондай сәттер болды. "Уақыт бар ғой, жүре тұрайық" деп жүре бердік. Екі рет айтып, әке-шешемізден кейін "үйленеміз деп айтып алып, үйленесіңдер ма, жүре бересіңдер ма" деп сөз естідік. Сосын өнер деген қиын дүние ғой. Содан асығыстық болмады. Жеті жылда бір-бірімізді жетік танып болдық. Мен Тоқтармен танысқанда 20 жаста болдым. 27-де тұрмысқа шықтым. Ол 31 жаста болды. Той керемет өтті, туған-туыс риза. Ол кезде мың доллар деген үлкен ақша. Сол бағаға көйлек алдым.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқтар Серіков тоқал алуға қатысты не деп айтқанын жазған болатынбыз. Әнші өзі қаласа, екінші әйел ала алатынын ашық айтты.