Әли Оқапов: «Қыз баланың семіз болғанын шыны керек түсінбеймін»

Oinet.kz 30-03-2020 12939

Қазақ эстрадасының белді мүшесі Әли Оқапов артық салмағы бар қыздарды ұнатпайтындығын жеткізді. Бұл туралы ол НТК Show бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.

be92d682-8c81-4526-8540-41f72b51a0e2.jpg

- Қыз баланың артық салмағы болғаны, тіпті семіз болғанын мен шыны керек түсінбеймін. Нәзік жанды дейміз ғой оларды. Сондықтан нәзік жанды болу үшін денең де нәзіктеу немесе жіңішкелеу болғанын өз басым ұнатамын. Мен емес енді. Жалпы ер азаматтардың барлығы сондай сияқты. Бірақ, қатты кәсіби тұрғыда енді абай болу керек деп ойлаймын. Өйткені, көптеген спорт түрлерінде өкінішке орай, мысалға бала табуға өз әсерін тигізеді. Сол жағынан кедергісі болмаса неге айналыспасқа. Біздің әріптестердің арасында спортпен шұғылданатындар көп. Олардың арасында Кәмшат Жолдыбаеваны қатты құрметтеймін. Міндетті түрде, Медеуге шығады, залға барады. Тіпті, билегеннің өзінде көрінеді спортпен айналысатыны. Сол жағынан Кәмшаттың еңбекқорлығына бас иемін, - дейді әнші. 

Баян Алагөзованың қызы енесімен бірге қалай қол жуу керектігін көрсетті
Бейбіт Сейдуалиева: Тоқтар екі рет үйленеміз дегенде той болмады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу